«Sabira-A» ЖШС балабақшасының меңгерушісі
Бапанова Гүлмира Махамбетқызы
Бапанова Гүлмира Махамбетқызы, 1988 жылы 24 қыркүйекте дүниеге келген, білімі жоғары. 2010 жылы Қазақ ұлттық аграрлық университетін «Инженер-педагог» мамандығы бойынша, 2020 жылы Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетін «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Гүлмира Махамбетқызы мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласындағы кәсіби еңбек жолын 2018 жылы бастады. 2018–2025 жылдар аралығында «Қазына» балалар орталығының директоры лауазымында жемісті қызмет атқарып, өзін білікті басқарушы ретінде көрсетті. 2025 жылдың тамыз айынан бастап бүгінгі күнге дейін «Sabira-A» ЖШС балабақшасының меңгерушісі қызметін атқарып келеді.
Меңгеруші ретінде балабақшада заманауи оқыту әдістемелерін енгізуге, педагогтердің кәсіби шеберлігін арттыруға және тәрбиеленушілер үшін қауіпсіз, тең құқылы әрі қолайлы орта қалыптастыруға ерекше мән береді. Осы бағытта өзінің кәсіби құзыреттілігін тұрақты жетілдіріп, келесідей біліктілікті арттыру курстарынан сәтті өтті:
«Bilimge orleu» үздіксіз қосымша білім беру орталығында «Білім беру ұйымдарында психологиялық қауіпсіз ортаны қалыптастыру және буллингтің алдын алу бойынша педагогтердің кәсіби құзыреттілігін дамыту»
«Өркендеу» оқу-әдістемелік орталығында мектепке дейінгі ұйымдардағы (МДҰ) инклюзивті білім беру тақырыбындағы курс бағдарламасын аяқтап, арнайы сертификат иеленді.
Гүлмира Махамбетқызының мектепке дейінгі білім беру саласын дамытуға қосқан елеулі үлесі мен еңбегі жоғары бағаланып, келесідей марапаттармен марапатталды:
2024 жылы — Алматы қаласы Білім басқармасының Мадақтама грамотасы;
2026 жылы — Алматы қалалық жергілікті кәсіптік одақ «Ұстаз» ұйымының Құрмет грамотасы.